сетілген. Сонымен қатар, Отанды қорғау, мемлекеттік нышандарды құрметтеу, тарихи - мәдени ескерткіш-мұраларды қорғау, табиғатты сақтау және қорғау әр азаматтың міндеті екендігі баса көрсетілген. Осыны естен шығармайық.
6. Отан деген не?
- Ия, балалар, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз - Қазақстан кеңбайтақ. Кеңбайтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Біз үшін Отанның шеті де, шегі де жоқ.
Отан деген не, кім қалай түсінеді ?
Мұғалім: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс кейпін,
Достым білгің келе ме ?
Чингиз: Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Таңшолпан: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Мәдина: Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
- Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені. Ал, қазір бәріміз Отанымызға тағы бір мәрте құрмет көрсетіп, «Отан» әнін орындайық.
Хор: «Отан»
Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, А
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>