>Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн !-демекші келесі баяндаманы оқитын І курс студенті Жанұзақов Асетке береміз!
Мінгенде аты қаракер ма екен, сұр ма екен
Кезікті Наурыз, кешікті менің, нұр көкем
Алатау-атам неге үндемейді, жоқ әлде
Соңы қайырлы боларын біліп тұр ма екен
- деп ақын Е. Раушанов жырлағандай осы сезімдер әуезді "Қара бауыр қасқалдақ" әнімен жалғасын тапты.
Ән: "Қара бауыр қасқалдақ"! Орындайтын Мақсат пен Мұрат қабыл алыңыздар!!!
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
"Еркек тоқты құрбандық"
Атам десең атыңдар!-дей келе ортаға І курс студенті Қалақбашев Айбекті шақырамыз!
ІІ. Тәуелсіздікке қол жеткізу.
Желтоқсанның күні қандай ызғарлы, Жүректерде жазылмайтын сыз қалды. От боп жанған қазағымның жастары, Жалынымен ерітіпті мұздарды. Сол мұздарда жанды алау өшпейтін, Еркіндікті қашанда ел көксейтін. Қаныменен тарихтарда жазылып, Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.
Олай болса, Қарасаева Ақмаралдың баяндамасына кезек берейік!
Жас арудың жанарында-желтоқсан,Қанды ғасыр табаныңда-желтоқсан,Қаралы өмір қайыстырған халқымның,Қара тұман қабағында-желтоқсан. Жауыздықты жақтағанды да-желтоқсан,Жаңа ғұмыр бастаған да-желтоқсан,Жазықсыздың көз жасына жуынып,Аббақтыға тастаған да-желтоқсан. Намысымның шырағы да-желтоқсан. Сұрқай өмір сынағы да-желтоқсан,Жігіттіктің өмірі де-желтоқсан,Жаңа күннің шуағы да-желтоқсанЖалын жүрек жанып тұрды мұздарда,Қарсы келіп қаh
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>