Тәуелсіздік- ел тірегі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 23 жыл толғалы отыр. Қазақстан - бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бірден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағыннан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде. Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды.
23 жыл бұрынғы қиыншылықты артқа тастап бейбіт күннің де ақ таңы арайлап атты жарқын болашаққа қадам басып келе жатқан халқымыз үшін тәуелсіздігіміз мәнгі жасай берсін "тәуелсіздік" деген қазақ халқы үшін қымбат, әрі киелі ұғым болып қала бермек!!! Қайраттай қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-апалар! Солардың құрметіне 1минут үнсіздік! Рахмет!
Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын-сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді. Олай болса, желтоқсан оқиғасынан үзінді бейнетаспаға зер салайық!!!!!!!!!!!!!!!
Ендеше, келесі сөз кезегін І курс студенті Бишиева Назеркеге береміз! (оқыды,шықты)
Қақап күннің ызғары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: