Тәуелсіздік- ел тірегі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

терген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған "Тоңдырды мені, тоңдырды сені, Желтоқсан желі - ызғарлы" атты конференцияны ашық деп жариялаймыз! Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын! (әнұран шырқалды)
Конференциямызды бастамас бұрын, Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің 23 жылдығымен, желтоқсан оқиғасының 28 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тарих беттерін қозғасақ, Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл конференция 1986ж. 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады. Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің қөқшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 23 жыл! Елімізде тек бейбітшілік,ынтымақтастық болсын! Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді!
Міне,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: