арлы қыс ызғарға,Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда,Намыс туын көтеріпті қыздар да.
"Тәуелсіздікке - 23 жыл" атты өлеңге кезек берейік! ІІ курс студенті Ероғланова Анапия мен Шабенова Толғанайдың өлеңдерін тамашаласақ!
Адамдар азап шеккен күн
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен
Қағалар билік алған күн.
Адал мен арсыз, аярды,
Айырып халық ұққан күн.
Ендеше, ортада І курс студенті - Жайлыбаева Динараны өз баяндамасымен қарсы алыңыздар!
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
- дей келе келесі баяндаманы оқитын Тоқбергенов Саламатқа береміз!
Жоғалтып нуын,Жоғалтып қуын;Арал да суын тауысты. Қаңырап мекен,Аңырап бөкен,Өріске бөтен ауысты. Тоңдырды мені,Тоңдырды сеніЖелтоқсан желі ызғарлы. Солдырды гүлді,Оңдырды нұрды,Көңілде мұңды із қалды.
"Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 23 жылдың бедерінде айшылық жерді 6 рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді" - деп: Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Айта берсек, 23жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп . Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.
Және өз басыммен айтарым соңғы ұрпақ яғни, болашақ жастарымыз осы тәуелсіздікке қандай қиындықпен келгенін біліп жүрсін дегім келеді. Жаңа біздің студенттеріміз өздерінің баяндамаларында айтқандай "Тоңдырды мені, тоңдырды сені,
Желтоқсан желі - ызғарлы!" атты конференцияда барлық нәрсе баршамызға мәлім!!!!!!!!!!!!!!
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>