Тәуелсіздік –азаттықтың алтын діңгегі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі!
Тәуелсіз елдің ұлы - өжет,
қызы - қайратты,
халқы - қаһарман
Ә. Нұршайықов
Біз Ұлы далада небір қиындықтарды басымыздан кешірген, сұрапыл соғыстарды, жойқын жортуылдарды өткерген, сан рет қирап, сан рет бой түзеген, "тарихтың тағдырлы көші" дейтін ұзақ жолда жақсыны да, жаманды да көрген, салтанатты да өмір сүрген, хандары алтын сарайларда да тұрған, алтын тақта да отырған, іргелес елдермен бейбіт өмір сүре білген де елміз. Тауқыметті соншалық көп кешкен, тағдыры аянышты - езіліп - егілген, жабығып жапа шеккен, тарығып - зарыққан халық жер бетінде екеу болса, соның біреуі - қазақ.
Орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар - ожданымыз табанға тапталды. Алқакөл - сұламаға ұшырадық. Тарихымыз саясаттың құралына айналды. Ұлт ретінде жер бетінен жойылып кете жаздадық. Қазақтың: "Қаратаудың басынан көш келеді", деп зарлағаны, Қазтуған жыраудың: "Қайран да менің Еділім" деп қабырғасы сөгілгені осы тұс еді.
Бірақ қазақ елі мұндай қиындықтарды жеңіп, басымыздан бақ тайған, қан жылаған зар заманымыз артта қалып, жаңа дәуірдің, жаңа заманның есігін аштық. Ел есін жиды, етегін жапты, еңсесін көтерді.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе? Небары 20 жылдың ішінде осы байтақ далада бұрын - соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Осы Ұлы көшті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастады. Арғы - бергі заманда осындай ұлан - қайыр мемлекет орнатып, халқының көңіліндегісін тауып, көкейіндегісін істеген Назарбаевтай кісіні ұлы даланың тарихы білген емес. Н. Назарбаев ел тізгінін алмағайып, алмалы - төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Тарихқа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: