Тәуелсіздік –азаттықтың алтын діңгегі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

тауқыметін мойымай көтерген төзімді халқым бар. Жүрегі жомарт, ақылы дария, ниеті пәк, көңілі кіршіксіз халқым бар. Жерін жауға бермей аман алып қалған батыр, күмбірлете күй төгіп, тамылжыта ән салып, дастандарды дүниеге келтірген өнерпаз халқым бар", деп тебірене мақтанады. Елбасымыз ес біліп, етек жиғалы халқым, елім деп тебіреніп, еміреніп, ұлтым деп қызмет етіп келеді. Не көрсе де елімен бірге көріп, бірге жасасып келеді.
Бүгінде дүние жүзін мойындатқан егеменді еліміз бар. Мемлекетіміздің негізін қалап, еліміздің көсегесін көгертіп, әлемге танытып, көрегендікпен өрге сүйреп келе жатқан Көшбасшысы бар. Елбасының халқымен қаны да, жаны да бір, жүрегі де, тілегі де бір, әр күні, әр сағаты туған елінің тағдыры үшін күреспен өтіп келеді. Тәуекелге барып, тәуелсіз мемлекет құрды. Елін саң ғасырлар армандаған мұратына жеткізді. Осының бәрі ынтымақтың арқасы. Елбасының сарабдал саясатының арқасы, сүттей ұйыған ел бірлігінің арқасы.
Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президент үшін мақтанғанымыз - елдігіміз үшін мақтанғанымыз.
Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы - қайратты, халқы - қаһарман!





Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: