Тәуелсіз елім-Қазақстан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіз елім - Қазақстан
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
- оқушылыр бойында өз Отанына,еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне
мақтаныш сезімдерін ояту,ел бірлігін түсінетін, ел игілігіне қызмет ететін
ел жанды ұрпақ тәрбиелеу, Қазақстанның жарқын болашағына деген
сенімдерін қалыптастару.

Бүгінгі сабағымызда мына бөлімдерде ой өрбітеміз:
І. Шаттық шеңбері
ІІ. Желтоқсан құрбандарына шолу
ІІІ. Қазақстан,сені жырлаймын
ІҮ. Отан туралы мақал- мәтелдер
Ү. Әр жылдың шежіресін атап өту

1. Жүргізуші: Құрметті оқушылар,ата-аналар,ұстаздар!
Тәуелсіздік мерекесіне арналған "Тәуелсіз елім - Қазақстан" атты
4-сыныптардың тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2. Жүргізуші:Тәуелсіздік- қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлыр мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды.

1. Жүргізуші:1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ мемлекетінің тәуелсіздік күні деп жарияланды. Қ. Р Тәуелсіздік күні деп алтын әріптермен жазылды. Сондықтан да 16 желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Тұрғылықты халық үшін теңдесі жоқ аса маңызды тарихи оқиға.

2. Жүргізуші:
Тәуелсіздік-таң нұрысың арайлы,
Бабалардың арманысың талайғы
Ғасырлардың құшағында ер жеттің
Халқым сені өз бақыты санайды-дей отырып, оқушыларымды "Шаттық шеңберіне" шақырамын. Бүгінгі "Шаттық шеңберінде" біз өз елімізді қалай мақтан тұтатынымызды айтқымыз келеді.
Оқушы:Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.
Оқушы:Қазақ халқы қонақжай халық.
Оқушы:Қазақ жері тауымен,орман-көлімен көрікті.
Оқушы:Қазақстан-табиғаты таза ел.
Оқушы:Қазақстан-берекелі,байлықты,ырысты ел.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: