Тәуелсіз елім-Қазақстан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

/>Оқушы:Қазақстан-болашағы жарқын ел.
Оқушы:Қазақстан-көп ұлтты ел.
Оқушы:Қазақстан-қасиетті,киелі жер.
Оқушы:Көк туын желбіреткен Тәуелсіздік.
Оқушы:Қазақстан-таңғажайып әдемі жер.

Бәрі бірге: "Қазақстан- тәуелсіз ел"

1. Жүргізуші: Өте,дұрыс айттыңдар. Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Ендігі біздің мақсатымыз тәуелсіздікті болашақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.

2. Жүргізуші: Тарихқа тоқталу.
Алматы қаласы. 1986 жылдың 17 желтоқсанында таңғы сағат 8-де Брежнев алаңына (қазіргі Жаңа алаң) жастардың алғашқы тобы келді. " Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын!", " Қазақстанды әркімге билетпейміз!" т. б ұрандар жазылған. 17-нен 18-не қараған түні алаң айнала қоршауға алынды. Жастардың жүздерінде үрейдің ізі де білінбейді. Бір кезде өрт сөндіретін машиналар көрінді. Жастардың үстіне су шашып, жаңбырдай боратты. Милиционерлер әуелі шерудің алдыңғы сапында жүрген қауіпті белсенділерін күшпен алып кетіп жатты. Күрек, сойыл, арсылдаған иттер пайдаланылды.
Бұл оқиға тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік бостандық әкелді.
Жазықсыз жазаланғандар:
Қайрат Рұсқұлбеков
Асанова Ләззат
Мұхамеджанова Сәбира
Әбдіқұлов Мызағали
Тәшенов Түгелбай
Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова мен Қайрат Рысқұлбеков. Бұл екі қаһарманды айта кетпеу мүмкін емес.
Ләззат Асанова Алтынқызы қазақ жастарының ішінде көтеріліске белсене қатысқандардың бірі. Ол республика алаңына "Қазақтар! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!" деген ұранмен шықты.
Қайрат небәрі 21 жыл ғұмыр кешті. Ол батыр ғана

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: