МЕРЕКЕНЕВА МЕНТАЙ ӘЛІБЕКҚЫЗЫ
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы
«Средигорное орта мектебі»КММ
екінші санатты жоғары білімді
қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
САБАҚ:
Мереке. Туған күн.
Күні:
Сынып: 3Қатысқандар: 12Қатыспағандар: 0
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары1. Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту.
2. Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік , дағдыларын арттыру.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Балалар сөз тіркестерінен қысқа сөйлемдер құрай алады, дұрыс оқи алады, сөздерді аудара алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Берілген сөз тіркестерінен мәтін құрастыра алады, сөздерді тәуелдей алады және мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді таба алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Бірден оқи отыра сөйлемнің аудармасын бере алады, өз ойын тақырыпқа сай жеткізе алады.
Тілдік мақсатОқушылар орындай алады: сөздерді жекеше және көпше түрде тәуелдей алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: торт, гүл шоғы, қонақтар, сыйлады, телефон, сыйлық, керемет
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің туған күнім, не сыйлады?, тәтті торт, ойыншық сыйлады және т. б.
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Балалар, адамдар не үшін туған күндерін тойлайды?
- Сендер, туған күндеріңде сыйлық алғанды жақсы көресіңдер ме?
-Жаз айында туған жақсы ма, қыста туған жақсы ма?
-Туған күнді қызықты тойлау үшін, біз не істейміз?
Не себепті. . . . . . . деп ойлайсыз?
- Не себепті туған күнде біз сыйлық сыйлаймыз?
Ишара:
-Балалар,сендер туған күндеріңде сондай керемет сыйлық алдыңдар. Сол сезімді сөзсіз кім жеткізе алады?(балалар, ым,мимика арқылы көрсетеді).
Алдың
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>