Туған күн. Тәуелдік жалғау

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

br/>Денсаулық және қауіпсіздік.
АКТ мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс, тәрбие элементі.
Бұл сабақ орыс тілі, музыка пәндерімен байланысып тұр.
Оқушылардың бірін бірі , достарын, жақындарын сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге, бағалай білуге тәрбиелеу

Рефлексия
(Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттер орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма, тапсырмалар сәйкес болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?) Сабақтың мақсаты орындалды. Оқушылардың өз білімдерін көрсете алды. Нашар оқитын балалар да өз деңгейлеріне сай барлық тапсырмаларды игере алды.
Оқушылар өз ойын жеткізе отырып, кластерлер, синквейн құрауды үйренді және әлі де білімдерін шыңдауда.
Сабақ өз деңгейінде өтті. Балалар сабаққа белсенді араласты.
Барлық тапсырмалар балалардың жас ерекшелігіне сай. Топпен жұмыс жасауда балалар, бірін-бірі тыңдауды, біреудің сөзін бөлмеуді, бөлісу керектігі жайлы көп үйренді.
Уақытты ұтымды пайдаландым. Әр тапсырма берілген уақыт бойынша жүргізілді.

Қорытынды бағалау
(Ең жақсы өткен екі нәрсе оқыту мен оқуға қатысты)Менің ойымша, ең балалардың көңілінен шыққан, балаларға қызық болған жаттығулар: кластер және синквейн құрау.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді, оқыту мен оқуға қатыстыОқыту үрдісінде «Джигсо» әдісін қолдануға болады. Сондай-ақ үндемей отырған балаларды орнынан тұрғызу үшін кофе араластырғыш таяқшаларды пайдалану арқылы сабақты одан тиімдірек жасауға болады.





Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: