Туған жерім - алтын бесігім.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суарған.
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған,
Бұл даланы алағаш көріп қуанған,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Менің туған жерім - Қазақстан. "Туған жерім сен Ана, аяңда жүрген мен бала". Менің Отаным Қазақстан. Оның жері кең - байтақ. Бұл мемлекет Еуразияның орталығына орналасқан Қазақсанның табиғаты тамаша. Қазақстанның ұлан - байтақ даласында мол байлық бар, бұл - сирек кездесетін жануарлар мен осімдіктер, пайдалы қазбалар. Астанасы - Арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы. Қазақстан көп ұлттық мемлекет. Мұнда жүзден астам ұлттар мен ұлыстар тату өмір сүреді.
Қазақ халқының тарихы өте бай, оның тарихында аса ірі тарихи тұлғалар мол. Халық туралы білу үшін алдымен тілін тарихын, ұлы адамдарын, мәдениетін , салт - дәстүрін білу керек. Тәрбие басы-тіл; деген
М. Қашқари. "Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде ол тілге деген құрмет. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Тіл туралы заң 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды.
1991 жыл Қазақстанның егемен ел болып, тәуелсіздікке қолжеткізуіне жол ашты. Бұл көптеген жылдар бойы сарыла күткен тәуелсіздік. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазір еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ата заңы, ұлттық валютасы бар. Мен өте қуаныштымын, біздің елде әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Мен өз елім, туған жерімнің тарихана тағзым, құрмет көрсетуге әрқашан өз парызым деп білемін. Туған елді, жерді сүю, үлкен жауапкершілік сезіммен өмір сүрген абзал. Бірақ, жер шарының қай жерінде болсаң да ұмытпа, туға
Страницы: 1 | 2 > >>