Туған жерім – алтын бесігім

Страницы: <<  <  1 | 2

н жер біреу ғана. Сол алтын бесігіңмен рухани байланыста болсаң ғана сенің өмірің абыройлы болмақ. М. Мақатаев айтқан: " Отан - біреу, ол туған анаң".

Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
/М. Хакімжанова/

Отан дегеніміз адамның туып - өскен жері. Отанды сүйе білсең - атақ та, жұмыс та, құрмет те болады. Адам - көп жағдайда Отанға сүйіспеншілігіне байланысты. Міне сондықтан менің елімде көптеген ғалымдар, батырлар, ақындар, ғарышкерлер,әншілер бар. Олар тарихта мәңгілік болып , атақ алып ұрпақтан - ұрппаққа үлгі ретінде қалады.
Мен туған жерімді сүйемін.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Адамды жақсылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін даналық сөздер көп және мәңгі есте қалған тарихи тұлғалар да көп. Мен өз еліме, туған жеріме құрмет ретінде айтарым " Ел іші - алтын бесік".
Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болып, табиғатты қасиеттеп, тілді, мәдениетті біліп өссек біз Отанымыздың азаматымыз.
Отанның болашағы жастардың қолында. Үйім, мектебім, орманым, ауылым - барлығы менің жүрегіме қымбатты болып көрінеді. Өз Отанымды мен ешқашан ұмытпаймын. Болашақта үлкен азамат, білімді болуға тырмысамын. Тек қана сонда Республикамызды биікке көтереміз деп ойлаймын "Ұмытылмас Отаным, туған жерім, Қалғанша кеудемде соңғы демім".






















Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: