аған түрі - қоңыр аю. Ол тау арасын мекендейді. Азығы - өсімдіктер. Аю құрт-құмырсқаларды да аулайды. Ол алғашқы қар жауғанда апанына кіріп, ұйқыға кетеді.
3-жаттығу. Сұраққа жауап жаз. Жауабыңдағы бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.
Аю қайда ұйықтайды? Аю үңгірде ұйықтайды.
Дельфин қайда жүзеді? Дельфин суда жүзеді.
Маймыл қайда мекендейді? Маймыл орманда мекендейді.
Өздік жұмыс.
4-жаттығу. Қандай сөйлем мүшесі жазылмаған? Мағынасы бойынша сәйкес келетін сөз жаз.
1. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . асты пісірді. 2. . . . . . . . . . . . . . . . . ұшақты басқарды.
3. . . . . . . . . . . . . . . әткеншек тепті. 4. . . . . . . . . . . . . . сынақ тапсырды.
5. . . . . . . . . . . . . . . . бесік жырын айтты.
"Ой талғаныс"
"Дөңгелек үстел" стратегиясын қолдану.
Берілген сөйлемдерден тек қана тұрлаулы мүшелерді ғана анықтап табады.
Сөйлемдер
Тұрлаулы мүшелер
Суретші бүгін керемет сурет салды.
Суретші салды.
Балалар сынып бөлмесінің ауасын тазартады.
Балалар тазартады.
Болат қиын есепті өзі шығарды.
Болат шығарды.
Үй тапсырма: 5- жаттығу,ереже.
Бағалау, сабақты аяқтау.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз Л мен Р. (2 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Дауыссыз л мен р туралы түсінік беру. түрлі тапсырмалар орындау арқылы жаңа
материалды меңгерту.
Дамытушылығы: Балалардың сауаттылығын, ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды
көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу. Олардың сабаққа деген белсенділігін,
іздену, шығармашылық, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Оқушылар дың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, ұстамдылыққа, <
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>