Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Сабақтың білімділік мақсаты: Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау.
Дамытушылық мақсаты:Эксперимент пен теорияның сәйкестігіне көз жеткізу. Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Кодаскоп, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, интерактивтік тақта
Құрал-жабдықтар: Амперметр, вольтметр, ток көзі В-24, кілт, резисторлар,шам, қосқыш сымдар, Омның суреті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
«Қызығушылығын ояту» Оқушыларға қайталау сұрақтарын қойдым.
Сабақ міндеттері.
кедергі тұрақты болған жағдайда өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток күшіне тура пророционал болатынына көз жеткізу
Егер кернеу тұрақты болса, онда өткізгіштегі ток күші кедергіге кері пророрционал болатынын дәлелдеу;
Тізбек бөлігі үшін Ом заңын білу;
Демонстрациалық тәжірибені бақылау арқылы одан қорытынды шығара білуі қажет
Ом заңын қолданып есеп шығара білу;
Сабақ жоспары.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Миға шабуыл(қызығушылығын ояту)
ІІІ. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақ.
ІV. Есеп шығару
V. Үй тапсырмасы.
VІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау
ІІ. Қызығушылығын арттыру. Миға шабуыл
1. Электр тізбегін сипаттайтын шамаларды атаңдар?.
( Ток күші, кернеу, кедергі)
2. Енді осы шамаларға қысқаша тоқталайық ( 1. Шаманың белгіленуі, 2. сипаттамасы, 3. өлшем бірлігі)
Тақтаға мына сөздер ілінеді:кернеу, ток күші, кедергі
Мұғалім: біз өткен сабақтарымызда ток күші мен кернеуді жеке- жеке қарастырдық. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсаты ток күші мен кернеу және кедер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: