Кедергіні өлшейтін құрал: резистор( кедергі) , реостат
ІV. Бекіту Есеп шығару
( Мұғалім тақтаға кодоскоп арқылы мына графикті көрсетеді).
Суретте А және В өткізгіштеріндегі ток күшінің кернеуге тәуелілік графигі берілген. График бойынша қай өткізгіштің кедергісі үлкен?
Оқушы:В өткізгіштің кедергісі көп.
Мұғалім:Неге олай ойлайсың?
Оқушы:Ом заңы бойынша ток күші кедергіге кері пропорционал. Кернеуі екі өткізгіште 6В, ал ток күші В өткізгіште 1А, А өткізгіште 3А ге тең.
Мұғалім:Осы айтылғанды есеп шығару арқылы дәлелдейік. Тақтаға 2оқушы шығады.
Мұғалім:Қазір біз бүгін сабақтың қорытындысын шығарайық. Ток күші, кернеу, кедергінің арасында қандай байланыс бар?
Оқушы:Ом заңы бойыша ток күші кернеуге тура, ал кедергіге кері пропорционал болады.
Мұғалім: Формула бойынша қалай оқылады?
Оқушы:I . Ом заңы
V. Үй тапсырмасы:
Үйге тапсырма: 44, 21жаттығу (1,2).
VІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.
Страницы: << < 1 | 2 | 3