баяулап,
Жер бауырлап жаяулап,
Аузы - басы жыбырлап,
Жерді жапқан кебінді
Сүйіп ақырын құшақтап,
"Әпсүн" оқып үреді.
М. Жұмабаев
ІІ топ
"Толқын"
Ерке бала былдырлап,
Сылдыр, сылдыр, сылдырлып,
Толқынды толқын қуады.
Күміс кәусар суымен,
Суының алтын буымен,
Жарының бетін жуады.
Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуып жартасын,
Сүйіп сылқ - сылқ күледі.
Жылағаны - күлгені,
Күлгені - оның өлгені,
Жылай, күле өледі.
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді,
Береді де, өледі,
Өледі толқын - тынады.
2. 59 - жаттығу. Шешендік сөздердегі теңеулерді тауып, теңелген нәрсе мен теңелуші нәрсені тіркестіріп жазу.
І топ. Ақтамберді жырау
ІІ топ . Қаражігіт шешен
III деңгей тапсырмалары
1. 60-жаттығу. Билер сөзіндегі метафроларды тауып,метафораларды метафораланған сөздермен сызықша арқылы теріп жазыңдар. Сөздерді тұлғасына қарай талдаңдар.
І топ. Байдалы би
ІІ топ . Бөлтірік шешен
2. Мәтіндегі эпитетті тауып, өзі айқындап тұрған сөздермен бірге теріп жазу. Төмендегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.
Қазақтың қонағы неше түрлі болады?
Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:
- Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? - деп сұрапты.
- Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: бірінші- арнайы қонақ, екіншісі- құдайы қонақ, үшіншісі - қыдырма қонақ, төртіншісі- қылқыма қонақ.
- Ал оны қалай айырамыз? - дегенде:
- Арнайы қонағымыз - алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда, күйеу,қайын сияқты жегжатың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас-жораң.
Міне,
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>