Сабақтың тақырыбы: "Тіл көрнекілігі"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл
көрнекілігі жөнінде білім беру
Тәрбиелік: Троп және фигура түрлерінің табиғатын таныту. Оқушыларға
тарихи шешендік ойларды байланыстыра отырып, өз
Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу
Дамытушылық:Оқушыларға шешендердің сөйлеу өнерін үйрету,бос сөз
сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге төселдіру,тіл
тазалығын сақтауды насихаттай отырып, тіл мәдениетін
дамыту
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену, талдау,деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, оқулықтар, мультимедиялық
проектор.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Аудиторияның сабақ жүргізуге дайындығын, оқушылырдың сабаққа дайындығын тексеру,түгелдеу.
II. Үй тапсырмасы.
Тіл тазалығы мәтінін , ой толғауларын сұрау. Оқушылар жауаптарын тыңдағаннан соң, үй тапсырмасын пысықтауға бірнеше сұрақтар қою,мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз
-Тіл тазалығын сақтамау дегенді қалай түсінеміз?
-Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
-Тіл тазалығына байланысты қандай ой - пікірлерді білесіңдер?
2. Көп нүтенің орнына тиісті сөздерді табыңыз
I. Тіл сүйексіз болса да,
Өзі . . . . . . . . өтеді.
II. Қылыш жарасы бітер,
. . . жарасы бітпес.
III. Басқа . . . . тілден.
IV. Өнер алды - . . . . . . .
V. Тілден тілдің кеңдігі болғанмен,
. . . . . . жоқ.
VI. . . . . . тілден басталады.
( 1слайдпен жұмыс)
III. Жаңа сабақ. "Тіл көрнекілігі".
Сөйлеу мәдениеті жоғары
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>