ұмыс)
I деңгей тапсырмалары.
1. Қайталау түрлерін табу
І топ
Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды залым қып,
Бір пара жанды дінді қып,
Бір пара жанды дінсіз қып,
Шерне үшін жанды жаратты.
Ш. Қанайұлы
ІІ топ
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай қорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды.
Ш. Қанайұлы
Айтматов әлемнің бес құрлығына бірдей ортақ биік бел үстіне қырғыздың алты қанат ақ үйін апарып тікті.
2. Мәтінді оқып, шендестіруді, параллелизмді тауып, жазу.
І топ
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде:"Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны меңгере алмадың, біреу - біреуді шауып жатыр, оны басқара алмадың", - деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
- Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің - ау! - депті. Сонда сырым:
- Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті.
Сырым шешен
ІІ топ
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм - тұзын ақтай білген елміз. . . "
Қазыбек би
II деңгей тапсырмалары
Өлең жолдарын мәнерлеп оқып, кейіптеуді анықтап ашу.
І топ
"Қысқы жол"
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінен дем алып,
Ішінен тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ - сақ күледі.
Кейде кенет
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>