Тіл дамытуға арналған мәтіндер

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ғаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап, жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды. Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:
- Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?- депті.
- Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,- деп досы жауап беріпті.

1. Ой шақыру.
1) Сеніңше, жаман жолдас бола ма?
Мәтіннен үзінді
Менің пікірім
Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді. . . .

2. Жолдасың туралы әңгімелеп бер.
----
3. Сын есім сөздерді теріп жаз.

Торғай.
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды
Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.
Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды. Мен жөніме кеттім.
1. Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыр.
--
2. Қандай құстарды білесің?

Қолқанат.
Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді.

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: