Тіл дамытуға арналған мәтіндер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

іреуі - Ақселеу де, екіншісі - Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
- Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,- деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу.
- Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.
Тапсырма.
1. Мәтін не туралы?
2. Достық ұғымын қалай түсінесің?
3. Екі баланың аты кім?
4. Олар неден қорықты?
5. Ақселеу қандай ерлік көрсетті?
2. Сын есімдерді тап. Тапқан сын есімдерді пайдалана отырып, Ақселеуге мінездеме беру.

Құлын.
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны ана ағашқа байлап қойды. Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі - ақ. Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. "Жануар - ай, шөлдеген екенсің ғой" деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын жасқана басып суға жақындады. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырынып шегінді. Суды азайтып ағыздым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады.
("Балдырған"журналынан. ) 103 сөз)

1)тапсырма
1. Құлын ненің баласы? (жылқының)
2. Жылқының пірін қалай атайды?
3. Құлын әңгімесінде не

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: