Тіл дамытуға арналған мәтіндер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

с көрсе, үйректі сол жесің,- депті бір қу жігіт.
Түн ортасында қу аңшы тұрып, үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды. Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:
- Қандай түс көрдіңдер?- деп сұрайды.
- Мен ақ боз атқа мініппін, басыма алтын таж киіппін, патша болыппын,- дейді
- Мен жұмаққа кіріппін, жұмақта қор қыздарымен бірге жүр екенмін,- депті. екінші аңшы.
Сонда қу аңшы айтыпты:
- Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым. Бірің патша болған соң, енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым,- депті.

1. Тапсырма орындау
1. а) Аңшылар нешеу?
ә) Қандай құс аулады?
б) Түс дегеніміз не?
в) Аңшы қандай қулық жасады?
2. Көнерген сөздерді тап.
3. Топтастыру

Қожанасыр.
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз,алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же,шапаным ,же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:
- Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді.
Сонда Қожа:
- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.
1. Зат есімдерді теріп жазу.
Жалқы -
Жалпы -

2. Қожанасырға мінездеме жазып көр.
Қожанасыр, ақылды,. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3. Сөздікпен жұмыс.
Той -
Киім -
Үй иесі -
Шапан -
Төр -

Ақселеу.
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның б

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: