ТЖ. Ғимараттың қасбетін сызу. Ғимараттың қасбетіндегі есік, терезе ойықтарын сызу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Топ: С 219
Оқытушы: Сеитова К. Т.
curalaismail. ru
Сабақ: 54
Күні: 04. 05

Тақырыбы: ТЖ. Ғимараттың қасбетін сызу. Ғимараттың қасбетіндегі есік, терезе ойықтарын сызу.

Ғимарат қасбеті мен қабырғасының сәулеттік құрылымдық элементтері жұмысының өзара байланысы.
Кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізгенде жіктердің саңылаусыздығын және қылтиманы, эркерді, лоджияларды гидрооқшаулауды қалпына келтіреді.
Сыртқы қабырға панельдері жіктерінің су өткізгіштігі, тіпті, аталған жерлерде герметиктер болған жағдайда да байқалады. Мұның себебі жіктер мен панель беттерінде әртүрлі атмосфералық әсер ету салдарынан аздаған ғана жарықтардың пайда болуымен түсіндіріледі. Өйткені осы жарықтар арқылы өткен ылғал панельдердің мерзімінен бұрын жарылып кетуі мен бұзылуына алып келеді.
Сыртқы қабырға панельдері мен шығырлардағы герметиктер біртіндеп өзінің қорғаныс қасиеттерін жоғалтып, оларды ауыстыру қажет болады. Герметиктерді ауыстыру алдында қабырғаның дымқыл жерлерін мұқият кептіру керек. Герметиктер болмаған жағдайда, жіктерді арқанмен немесе антисептиктелген қалдық талшықтармен тығыздауға болады.
Кей жағдайда панельді қабырғаның жекелеген бөліктері қыс мерзімінде қабырға қалыңдығында жылу оқшаулау жеткіліксіз болғандықтан, жинақталған конденсатпен тым ылғалданып кетеді. Жылылауды мұндай жерлердің ішкі жағына жылытқышты (гипсті-шлакты ағаш талшықты, цементті-фебролитті плиталар) орнату, көлемдік салмағы 4. . . 1,4 т/м3 құрайтын жеңіл ерітіндімен сылау немесе сыртқы жағынан сұйық калийлі әйнекке асбест қабатын тозаңдату арқылы іске асыруға болады. Көбінесе қабырғалардың металл бөлшектер салынған аймақтарының мұз болып қалуы байқалады, мұны да жылылау арқылы жоюға болады.
Панельдердің өте сууының себебі терезе және есікті тол

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: