ТЖ. Ғимараттың қасбетін сызу. Ғимараттың қасбетіндегі есік, терезе ойықтарын сызу

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

есінің жеделдетілуіне алып келеді.
Негізгі қасбет
Бұл аймақ атмосфералық жауын-шашын әсерлерінің орташа дәрежесімен сипатталады, олардың қасбетпен түйісуі негізінен қар мен жауын қабырға мен шығыңқы бөлшектерге тиетін қапталдан соққан күшті жел кезінде болады. Сәулеттік элементтерде қаңылтыр жабынды болмаса да, су қасбет материалы бояуының астына еніп, оны ішінен бұзады.
Қасбеттің ғұмырлылығына тек атмосфералық жауын-шашын ғана әсер етуі мүмкін емес, өйткені негізінен қасбеттің қабырғасы арқылы ғимараттың тұрғын бөлігі мен көше арасында газ алмасу жүреді. Жылы, дымқыл ауа қабырға кеуектері арқылы сыртқа шығуға ұмтылады. Әрлеу материалдарын дұрыс таңдаған жағдайда бұл үдеріс зиянын тигізбейді, бірақ, егер, материалды таңдауға дұрыс көңіл бөлінбесе, будың шығатын жолында жақсы газ өткізетін материалдан кейін кеуегі аз, газ өткізбейтін материал түріндегі кедергі пайда болатын жағдай туындауы мүмкін. Қабырғадан шыға алмай қалған дымқыл ауа кеуегі аз әрлеу материалының суық бетінде конденсатталады да, қатып материалдарды бір-бірінен ажыратады. Қасбеттік материалдарды қате үйлестіруге жарқын мысалдар: газды-бетонды немесе кірпішті цементпен сылау және әкті сылау үстінен майлы бояумен бояу.
Сыртқы қасбеттің жертөле аймағы
Бұл аймақ атмосфералық жауын-шашынның, оның шашырауының және жерге тигеннен кейінгі әсерінің жоғары болуымен сипатталады. Қасбеттің жертөле тобы іргетас арқылы жермен тікелей жанасатынының да маңыздылығы аз емес, мінсіз гидрооқшаулау болмаған жағдайда, ол топырақтан ылғалды тартады. Осылайша су қасбет қабырғасымен үш метрден астам биіктікке көтерілуі мүмкін. Алдыңғы екі жағдайдағыдай өзіне ылғалды тартып алған материалдың қатуы және еруі есебінен бұзылу болады. Бұл жағдайдағы бір айырмашылық судың қабырғамен қозғалу бағыты болып та

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: