Темір кесетін қол арамен темірді кесу. Темір кесетін қайшымен кесу. Құбыр кескішпен құбыр кесу

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

атылған рычаг жоғары көтеріледі, ал кесілетін металл пышақтардың арасына перпендикуляр бағытпен орналастырылады. Сол қолмен металды ұстап, оң қолмен рычагты төмен басу арқылы кесу іске асырылады.
Металдарды шабу
Металдарды шабу деп-дайындаманы бөліктерге бөлетін өңдеу операциясы деп аталады. Металдарды шабу операциясы дайындамаларды станокта өңдеу қиын немесе тиімсіз болған жағдайда қолданылады.
Ұсталық шапқы-бұл аспапты теміртекті болаттан дайындалған стержень. Ол төрт бөліктен тұрады:1- соғатын бөлігі;2- ортаңғы бөлігі;3- жұмыс бөлігі; 4 -кесужиегі. Шапқының соғатын бөлігі жоғары қарай жіңішкеріп, ал төбесі дөңгеленіп жасалған. Шапқының ортаңғы бөлігі шабу кезінде ұстауға арналған. Жұмыс(кесу)бөлігі сына тәрізді. .
Сынаның үшкірлеу бұрышы өңделетін материалдың қаттылығына байланысты таңдалып алынады.
Кеңінен қолданылатын материалдарды шабуға ұсынылатын сынаның үшкірлеу бұрыштарының мәндері:
қатты материалдар үшін (қатты болат, шойын) 70о;
қаттылықтары орташа материалдар үшін (болаттар) - 60о;
жұмсақ материалдар үшін (мыс, жез) - 45о;
алюминий қорытпалары үшін - 35о.
Металдарды шабу кезінде денені дұрыс ұстаудың(жұмыс істеушінің денесі мен аяғын ұстауы), кескіш аспаптарды дұрыс ұстаудың және балғамен соғуды орындау техникасының маңызы зор.
Балғамен соғу кезінде дененің ауырлық центрі тұрақты болуы керек. Ол үшін жұмыс істеушінің денесі тік және қысқыш осіне 45ошамасында жартылай бұрылып, табандарының ось сызықтары 40оболатындай сол жақ аяғы жарты қадам алға қарай тұруы керек
Металдарды шабу кезінде кескіш аспаптар мұқалып, өтпей қалуы мүмкін. Соңдықтан, оларды қайрап, қалпына келтіріп отыру керек. Қайрау кезінде кескіш аспаптардың кесу жиектері қатты қызып кетпес үшін, оларды қайраққа немесе ажарлау шеңберлеріне

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: