Плакаты
Технологические схемы
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезені:
- Білім алушыларды түгендеу
- Білім алушылардың арнайы киімін бар-жоғын тексеру
- Құрал-жабдықтарды тексеру
- Кезекшіні тағайындау
Кіріспе нұсқалау
Сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы: Темір кесетін қол ара мен металл кесу. Темір кесетін қайшы мен кесу. Құбыр кескішпен құбыр кесу.
Сабақтың барысы бойынша түсініктеме.
Кесу- дегеніміз белгілі бір затты бірнеші бөлікке бөлу.
Бөлшектердің немесе дайындамалардың материалдарына, пішіндеріне және өлшемдеріне байланысты, оларды кесу қол немесе механикаландырылған аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Оларға тістеуіктер, қол және электр қайшылары,шапқы, темір аралар, құбыр кескіштер және т. б. аспаптар жатады.
Қол араларыдөңгелек немесе әр түрлі пішіндегі қалың металдарды кесуге арналған. Қол араларымен ойықтарды, шлицаларды оюға, дайындамаларды контур бойымен кесуге және т. б. жұмыстарды орындауға болады.
Араларды бекітетін станоктардың екі түрі бар:
- тұтас - бір ұзындықтағы араларды бекітуге арналған;
- жылжымалы - ұзындықтары әр түрлі араларды бекітуге арналған.
Аралар - бір жақ қырында тістері бар жіңішке және жұқа пластинадан тұрады. Олар аспапты немесе тез кескіш болаттардан дайындалады. Аралардың тістерінің ұзындықтары көбінесе
Темір кесетін қол арамен темірді кесу.
Темірді арамен кесу кезінде алдымен араның өзі таңдалып алынады. Оны рамаға бекіткенде, тістерінің бағыты тұтқадан кері бағытталған дұрыс. Кесілетін металл немесе дайындама қысқышқа бекітіледі. Кесу кезінде майысу немесе діріл туғызбас үшін, олардың кесетін жері қысқышқа неғұрлым жақын орналастырылады. Араның тұтқасын оң қолмен, ал рамасын сол қолмен ұстау керек .
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>