күшпен қысып жақындатуға болмайды. Сол сияқты, қайралатын бөлігін суға әлсін-әлсін суытып отыру керек.
Шабуды орындау техникасы:
а - жұмыс істеушінің денесін ұстауы;б - шапқының өңделетін бетке көлбеулігі;в - шапқының қысқыштың бойлық осіне көлбеулігі;г - жұмыс істеушінің аяқтарының орны;д - білектің көмегімен соғу;е - шынтақтың көмегімен соғу;ж- иықтың көмегімен соғу
Сабақтың тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тексеру.
1. Кесу дегеніміз не?
Жауабы: белгілі бір затты бірнеші бөлікке бөлу
2. Темір кесетің қол араның құрылысы?
Жауабы: 1 - рама; 2 - құлақты гайка; 3 - тарту-винтінің қалпақшасы; 4 - кескіш ара; 5 - штифт; 6 – тұтқа.
3. Темір кесетің қол аралардың тістерінің ұзындықтары неше мм болып келеді?
Жауабы:250-300мм
4. Темір араның тістерің ауыстыру кезіңде,оны рамаға бекіткенде,
тістерінің бағыты қай жаққа бағытталған дұрыс?
Жауабы: тұтқадан кері бағытталады
5. Темір кесетің қол қайшыларының қалыңдықтары неше мм-ге дейінгі түсті
металдарды және болат табақтарын кесуге арналған?
Жауабы: қалыңдықтары 1,5 мм-ге дейінгі түсті металдар және 0,5-1,0 мм болат табақтарын кесуге арналған.
6. Өлшемдері үлкен және қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі металдарды кесуге арналған қол қайшыны ата?
Жауабы: столға бекітілген қайшы
7. Рычагты қайшы неше мм-ге дейінгі болаттарды және түсті металдарды кесуге арналған?
Жауабы: 4 мм-ге дейінгі болаттарды және 6 мм-ге дейінгі түсті металдарды кесуге арналған
8. Металдарды шабу дегеніміз?
Жауабы:дайындаманы бөліктерге бөлетін өңдеу операциясы деп аталады
9 Ұсталық шапқының құрылысы?
Жауабы:1-соғатын бөлігі;2-ортаңғы бөлігі;3-жұмыс бөлігі;4-кесу жиегі
10. Шапқының қатты материалдар шабу үшін (қатты болат, шойын)
қанш
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>