хымыздан үрледік. Сондай-ақ өзін де, ұлын да бүкіл әлемге ғибрат қылдық" (21:91).
Мұндағы абыройын қорғау - тазалық, дұрыс ойлау, байыптау, пікір ету дегенді білдіреді. Жыныстық қатынас тұрғысынан мағынасы ауыспалы, дегенмен, азғын адамның байыбына жетіп, терең ойланбайтынын көрсетеді. Өзін де, ұрпағын да құртатын күнәға батпауы үшін бұл барлық адамның қағидасы болуы тиіс.
Құдай Құранда адамдарға былай дейді:
"(Мұхаммед Ғ. С. ) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы. Мүмін әйелдерге де айт: "(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ: Ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. " (24:30 - 31).
Пәктік пен сапалы ұрпақтың байланысын телегония сырын ашқан генетиктер ғана түсіндіре алады. Медицина әйелінің аяғы ауырлағанда баланың әкесі көп ұйықтайтынын анықтады, ерлердің ағзасында бұдан басқа өзгеріс байқалмайды. Дәл осы сияқты алғашқы түннен кейін әйелдің биоөрісінде энергетикалық, ақпараттық өзгерістер болады.
Жар таңдағанда оның пәк болуын талап ету тегін емес.
Бұл тұрмыста болған әйелмен некеге тұруға болмайды дегенді білдірмейд
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>