н
Егер кімде-кім "Телегония баяғыда-ақ талқандалған" десе, қателеседі. Ғылыми мәліметтер телегонияны жоққа шығармайды. Телегония ғылымға қарсы келмейді, ғылыми бюрократияға қарсы. Мұндай құбылыс бар, оны көрнекті ғалымдар, академиктер растап отыр.
Мәселе ешкімнің осы турасында кешенді зерттеу жүргізбегендігінде - өйткені үстіңнен семсердей қоғамдық пікір төніп тұрғанда оны талқандау қиын. Жалпы, ғылым дегеніміз не? Ғылым не істеуі керек? Зерттеу, көрінеу қаралау не ақтау? Жауабы мәлім. Шын мәнісінде, "ғылым" не істеп жатыр деген сұрақтың жауабы да белгілі.
Мұсылман жүрегіндегі тазалық - арттақалушылық емес, керісінше, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан нағыз өркениет.
Бұл - болашақ ұрпақтың генетикасы туралы ойлану немесе дәстүр, контрацептивсыз, венерологиялық ауруларды жұқтыру қаупінсіз ұрпақ өсіру. Бабаларымыз балаларын пәктігін сақтауға тәрбиеледі, ал, көптеген ұлттарда некеге дейін пәк жүру артта қалушылық болып есептеледі.
Азғындық пен ойнас қалыпты жағдайға айналғанда, элита арсыз қағидасын басқаларға таңып жатқанда нағыз мұсылман болу оңай емес.
Алға кіммен баратынын мұсылман өзі таңдайды. Біз Құдайдың разылығы үшін өз таңдауымызды сезінеміз.
Дін тұрғысынан да, әлеуметтік жағынан да ең бастысы, маңыздысы - ұрпағымыз. Сондықтан бәрі де: қандай жеміс егетініміз де, ұлтымызға қандай мүмкіндік беретіміз де - өз қолымызда,
Болашақ ұрпаққа бізден мұраға не қалады?
"Үш қиян" газетінен алынған
Страницы: << < 9 | 10 | 11