Телегония – пәктік туралы ғылым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ы. "Көптеген зерттеу мен тәжірибелердің нәтижесін" алға тартып, телегония - сандырақ, ол - өзіңді, өз қалауыңды сыйламау дейді. Бұл теоретиктердің көбі - телегонияның мектеп қабырғасында оқытылмауына мүдделі, өйткені порнография индустриясы шығынға ұшырауы мүмкін. Сондықтан оларға бүлдіршінді адамгершіліктен айыратын, бірақ өзінің қалтасын қампитатын "Отбасын жоспарлауды" оқытқан әлдеқайда тиімді.
Телегония Ислам тұрғысынан. Бізден ұрпаққа мұраға не қалады?
Біздің Әлем, біздің Ғалам, ғарыш, бізді қоршағанның бәрі біздер, адамдар аз білетін заңдармен өмір сүреді. Бұл заңдардың өз заңшығарушысы бар, ол - Құдай, Дана, бәрі білетін Жаратушы, Әлемнің Билеушісі. Жасағанның сондай заңдарының бірі - телегония.
Ілімді дәлелдеу
Ерте кезде-ақ әйел мен ердің қатынасы екеуі үшін де айтарлықтай салдары бар екенін білген, оны генетик ғалымдар дәлелдеді.
1985 жылы СССР ҒА физико-техникалық проблемалар Институтының белгілі қызметкері, қазіргі Ресей нақты ғылымдар академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы Петр Гаряев қызық мәліметке тап болды. Ол лазерлік спектроскопия әдісі арқылы ДНҚ молекулаларының тұқымқуалаушылық қасиетін зерттейді. ДНҚ ерітіндісінен лазерлік фотонды өткізіп, молекулалардың көлемі мен салмағы жөніндегі ақпаратты жазып алады.
Бірде Гаряев бірнеше спектр түсірген соң ДНҚ-сы бар шыны түтіктің орынына бос түтікті қойды. Сөйтті де, қатты таңғалды. Бос түтіктегі спектрлер алдыңғысына қатты ұқсайтын еді. Тек сигналдың күші әлсіздеу. Қайтадан ДНҚ іздері қалған ыдысқа бос түтік салды. Мұнда да солай.
Петр Гаряевтың айтуынша, спектрометрде тұқымқуалаушылық қасиетін сақтаған ақпарат қалып қойған. Зерттеушілер оны қайта-қайта сүртіп, тіпті таза азотпен желдендіреді. Сонда ғана ДНҚ спектрі кеткендей болады.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: