і. Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) Айша анамыздан басқа жұбайларының бәрі бұрын тұрмыста болған. Әңгіме Құдайдың қалауымен құрылатын заңды одақта, ал, некесіз қатынас - өте жиіркенішті.
Қыздың пәктігінің анатомиялық ерекшелігінен бұрын өнегелік мәнін еске ұстау керек. Пәк қыздар өзгелерден артық, бұл Құранда да айтылған:
" (Әй, Пайғамбардың жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші, құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруі мүмкін. " (66:5).
Ал, жұмақ қасиетті Құранда былайша сипатталады:
"Расында хүр қыздарын жаңадан жаратамыз. Оларды ер көрмеген қыздар етіп жаратамыз. Күйеуін сүйгіш құрдас болады. Бұл айтылғандар, оңшылдар үшін болады". (56:35 - 38)
"Бейіштерде өз ерлеріне телмірген сондай-ақ өздеріне олардан бұрын адамдар да, жындар да соқтықпаған жұбайлар бар". (55:56)
Сақтандыру
Құдай Құранда былай дейді:
"Сондай әйелдеріңнен зина қылғандар, оларға өздеріңнен төрт айғақ келтіріңдер, егер олар айғақ болса. Онда оларды өлгенге дейін не Алла бір жол қойғанға шейін үйлерде қамаңдар. . . Сендерден арсыздық істеген екеуіне де жапа беріңдер. Егер екеуі де тәубе етіп, түзелсе, олардан бет бұрыңдар (тиіспеңдер). Негізінен Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді. Шын мәнінде Аллаға (сыйымды) тәубе, жамандықты білмей істеп сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Алла қабылдайды. Алла әр нәрсені білуші хикмет иесі. Ал жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп: "Енді шынайы тәубе қылдым" деген және қарсы болған бойда өлгендердің тәубесі қабыл емес. Міне солар үшін күйзелтуші азап әзірледік. " (4:15-18).
"Арыңды жасыңнан сақта" - қыздардың өмірлік ұстанымы б
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>