абақшадағы тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра білуіміз керек.
Адам баласы дүниеге келгеннен бастап, үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Сол себептен "Бал Ерке"балабақшасында ұйымдастырылған тәрбие жұмыстары осы негізге бағытталған. . Топ бөлмелеріне Ұлттық бұрыш ұйымдастырдық. Бала күнделікті ұлттық бұрыштағы заттарды көре отырып, өз ұлтының ұлттық жиһаздарына көзі қанық болады. Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктерде де ұлттық салт дәстүр насихатталады. Ұлттық тәрбиенің өзі күнделікті барлық оқу іс-әрекетінде баланың бойына сіңе бастайды. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы, балаларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек.
Баланың жас ерекшелігіне сай ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланамыз. Түрлі тек қазақ ертегілері,жаңылтпаштар, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер,тыйым сөздер,жұмбақтардың мағынасы да ұлттық тәрбие беруге бағытталуы тиіс деп міндеттелген болатын. Дене тәрбиесі оқу іс әрекетінде де түрлі ұлттық ойындар ойнатамыз. Ән оқу іс-әрекетінде ұлттық аспаптармен таныстырылады.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу тәрбиешілердің ата-аналармен жүйелі түрде қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Ата-аналармен байланыс жоспарында ұлттық тәрбие туралы іс - шаралар жоспарлаймыз. Атап айтар болсақ , ата-аналар арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті. Ата-аналардың ұлттық тәрбие туралы білімін көтеру мақсатында "Балаға ұлттық тәрбие беру жолдары"тақырыбында пікір алысу өткізілді. Жылда өткізілетін Тіл мерекесінде де ұжым арасында ұлттық тәрбие беруге байланысты байқау өте тартысты өтті. Осы өтілген байқау туралы мақала газет бетіне жарияланды.
Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін, ең алдымен ата-бабамыздан мирас
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>