Таза булак Ы. Алтынсарин

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ға ілу, оқушыға талдау жасату, өлеңдерін оқыту.
Бағалау
Сұрақтар:
- Жаз келер өлеңіне ұқсайтын Абайдың қандай өлеңін білесіңдер?
- Көктемде қандай мерекелерді тойлаймыз?
- Көктемгі табиғат құбылыстарын ата.
Мұғалім: Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту, шығарма жазу, сурет салу, сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыптың мазмұнын ашып, көктем мезгілі туралы жан - жақты мағлұматтар алдық.
- Жаз мезгілінің ерекшелігі қандай?
(күн ыстық болады, біз жазғы демалысқа шығамыз)
ІІІ. Өткенді пысықтау
Сөзжұмбақты дұрыс шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Б
Ұ
Л
А
Қ
Сөзжұмбақ шешу "Бұлақ"
1. Қазақтың ұлы ақыны (Абай)
2. Абайдың анасының аты (Ұлжан)
3. Мұхтардың әжесінің аты кім? (Дінәсіл)
3. Қаныш Сәтбаев кім? (Ғалым)
4. Еңбекқор жәндік (құмырсқа)
IV. Жаңа сабақ
Ендеше бүгін біз Ы. Алтынсариннің "Таза бұлақ" әңгімесімен танысамыз.
(Дәптерге күннің ретін тақырыпты жазу)
Сабағымыздың мақсаты мәтіннің мазмұнын түсіну, автордың әңгімені не мақсатта жазған ойын білу.
Ой қозғау
Ы. Алтынсарин кім?
- Қандай өлең әңгімелерін білеміз?
Слайд (Ы. Алтынсарин)
Бұлақ дегеніміз не? (су)
1 - топ Судың пайдасы
2 - топ Судың зияны
3 - топ Су туралы нақыл сөздер айтады.
Су туралы тыйым сөздер айтады.
Слайд (бұлақ)
Экранға назар аударайық.
- Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Суы қандай?
Бұлақ туралы түсінік беру.
Бұлақ - жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты суы. Бұлақтың 3 түрі болады.
1) ыстық бұлақ - санаторияларда адамдарды емдеу үшін пайдаланылады.
2) ащы бұлақтардан тұз өндіріледі.
3) тұщы бұлақтар ауыз су ретінде пайдаланылады.
Ыстық бұлақтар Италия, Камчатка, Исландияда кездеседі. <

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: