Күнделікті 2 апта бойы бір жаттығуды орындағаннан балалардың жаттығуға деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Таңдалған жаттығу кешендерін жаңа жаттығулармен алмастырып отыру керек.
Жаттығуларды қысқа және түсінікті етіп түсіндіріңіз. Жаттығуларды көрсету және оны түсіндіруді алдын ала ойластыру керек. Балалардың мектепке дайындығын арттыру үшін , даярлық топқа баратын балалар болса, онда оларға түсіндіру бойынша тапсырмаларды беру керек. Жаттығуларды балалардың дұрыс орындауын қадағалау керек.
Балабақшада таңертеңгілік жаттығулар балалардың сапқа тұруымен басталады. Бұл сапқа тұрғызу тез өтеді. Балаларды топтың ауданына бірдей орналастыру үшін маңызы зор. Содан балалардың зейінін аударып, жүруден және жеңіл жүруден бастауыңцзға болады.
Бұл уақытта реакциялық жаттығуды өткізудің маңызы зор;
Мысалы: Тәрбиешінің шапалағына, балалар жүруді тоқтатпай қол шапалағымен жауап береді. Балабақшаларға таңертеңгілік жаттығуларды таңдаған уақытта барлық бұлшық ет топтарын шынықтыратын /иық буыны, аяқ,табан,кеуденің көлденең орналасқан және арқа бұлшық еттеріне, іш бұлшықеттерін/ жаттығуларға назар аудару керек.
Жаттығудың түрлілігі бөлменің ауданына тәуелді. Егер бөлменің ауданы үлкен болса, онда жүгіру және секіру жаттығуларын қосуға болады. Жиынға енген таңертеңгі жаттығулар дене шынықтыру ұйымдастырылған қимыл әрекеттерде мотивациялық бөлімінде пысықтау мақсатымен қайталанады . Таңертеңгілік жаттығуларды балаларға толық мақсатымен жаттығулар түрлі жан-жануарларға еліктеу әдісімен ұйымдастырылады. Таңертеңгілік жаттығулар арнайы жүйемен орындалады
Жаттығулар:
Бірінші: бас, мойын, иық, қол бұлшық еттеріне.
Екінші: бел, кеуде бұлшық еттеріне.
Үшінші: бөксе, сан, тізе бұлшық еттеріне жасалады.
Жаттығулардан соң,көңілді, қызықты, қимыл
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>