Таңғы жаттығулар кешені

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың денесін шынықтыру кезіндегі басты фактор - оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бір қалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі оқу іс-әрекетке даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес, бір шама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды бірыңғай тәртіпке, жинақылыққа үйретеді.
Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі "комплекс" немесе "кешен" деп аталады.
Бір ғана комплекстің өзі екі апта бойы қайталанылады.
Таңертеңгілік жаттығулар арнайы бір уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі, жаттығуға қатысу үшін ата-аналар балаларын балабақшаға кешіктірмей алып келуі абзал. Таңертеңгілік жаттығуды балабақша тәрбиешісі немесе дене шынықтырушы жүргізеді. Таңертеңгілік жаттығулар өткізілетін бөлмелерді балалар келер алдында, бірнеше минут бұрын желдетіп алуыңыз абзал.
Жаттығу кешендерін таңдап алу кезінде, көп балалы топтарының қызығушылығы туралы ұмытпау керек.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: