де,бойында ұяңдығы бар бала мен,қозғалыс белсенділігі бар балалар, ойын,тапсырмаларды қызыға орындағанда,қасындағы ұяң жұптасының да қызығушылығы артады.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту,баланы шығармашылық ізденіске,әр затқа сын көзбен қарауға үйренеді,өз бетімен жұмыс жасауға баулиды,өзіне деген сенімі,белсенділігі артады.
Соңғы жылдары тәрбиенің түрлі бағыттарын жүзеге асыруда құқықтық тәрбиенің негіздерін түсіндіруді мектепке дейінгі кезеңнен қажеттілігі туып отыр. Топтық іс-әрекеттер"Ережені білейік,аман-есен жүрейік" көшеде жүру ережесін үйрете отырып,белгілерді бояу,тақырыппен сурет салу,жапсыру,үлгіге қарап жұмыс жасауда,баланың өз пікірін қалыптастыруға,қорықпауға,өзгелерді тыңдауды,естуді үйренуге,дұрыс пікірге құрметпен қарауға,күнделікті өмірдегі даулы мәселелерді құқықпен шеше білуге үйретудеміз. Сонымен қатар бастапқы түсінігін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асырудамыз. "Мен және досым"атты Өзін-өзі тану оқу іс-әрекетінде балаларға өзгелерді тануға,айналаны қоршаған ортамен,өзгелермен де санаса білуге баулу мақсатын көздейді. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейді. Балалар - еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы,әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап,танымдық қабілетін дамытып,денсаулығын жақсартып,тіл байлығын молайтып,шығармашылығын жетілдіріп,әлеуметтік өмірін гүлдендіріп,саналы тәрбие мен сапалы білім беру,жан-жақты тұлға тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз.
Страницы: << < 2 | 3 | 4