ескерсе,дүниедегі жақсы-жаманды танып,содан білгені,көргені көп болған адам білімді болады" деген екен Абай атамыз. Баланың өзіне сенімін арттыру,танымдық қабілетін,тілін,денсаулығын, шығармашылығын дамыту мақсатында тәрбиешінің балаға берер тәлім-тәрбиесі тартымды,жан-жақты болуы маңызды. ҰОІӘ-нің мазмұны теориялық-практикалық тәсілі жоғары болған сайын,оқыту мен тәрбиелеу тиімді жүргізіледі. Бала сезіміне,қызығушылығына,ынталылығына әсер ету арқылы,ҰОІӘ-інің кіріспесін таң қалдыру сәтімен, ойын түрінде іске асырудамыз. Мектепалды даярлық тобындағы тәрбие ойын түрінде жүзеге асырылған мен оқытып,үйрету,тәрбие дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшелігі,балалардың жас ерекшелігімен,жалпы даму дәрежесіне тікелей байланысты. Бала күннің шапағын,судың сыбдырын құстың дауысын естіп,сезіп,біліп өсуі қажет. Дана халқымыз баланы ойын өсіреді деп тегін айтпаған. Ұлы педагог Сухамлинский "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады,ойынсыз ақыл-ойдың дамуы мүмкін емес"-деген. Ойын түріндегі кеңістіктегі заттардың орналасуы балалардың геометриялық пішіндерді,кеңістікті,уақытты бағдарлауына әсерін тигізеді. Салыстыру арқылы балалардың аңғарымпаздығы,сезімі,тұжырым жасауға бейімділігі байқалады. Теңестіру шамалары санына қарай салыстыруға қолданады. Уақыт өлшемдері;жыл мезгілдері,ай,апта күндері,таңертең,түс,кеш мезгілдерін түсіндіру. Баланың ақыл-ойын жетілдіруде,бала тез шаршап,жалықпайтындай,денсаулығына нұқсан келмейтіндей әдістерін пайдаланамын. Танымдық,шығармашылыққа жету,іздену әрекетінде, сандарды санау,жаңылтпаш айту,санамақ айту,жұмбақ шешу,ребустар шешу дағдыларын қалыптастырып балаларға сұрақ қою, тапсырмаларды орындату арқылы іске асырудамыз. Мысалы; мына қозы мен лақ орманға барып,көпірден өтуге қорқып тұр,өтпейін десе
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>