Сенімділік"
Тапсырма: "Әлем тыныштылығы - біздің қолымызда" тақырыбында сурет салу.
6. Топпен ән айту. Өмiрiңе немқұрайлы қарама
Сөзі: Серік Сейітман Әні: Сәкен Дәрібаев
Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Қайырмасы:
7. Үй тапсырмасы.
1. 1 - сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 - тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. 2, Н. Р. Күнхожаевтың "Өмірлік бағыт" мәтінін оқып келу.
4. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз. . . , арқамызды тіктейміз. . . , қолдарыңды тізеге қоюға болады. . .
Д е м а л. . . . . ш ы ғ а р. . . (жаймен 9-10 рет)немесе1. . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 3. Рахмет!
Бүгінгі сабақта
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>