рлік факультетіне оқуға түстім.
oo Еңбек жолын алғаш қай театрдан бастадыңыз?
Арайлым Рамазан, 11-сынып оқушысы. (Жамбыл облысы)
oo Нұрлан Әлімжан: Еңбек жолымды алғаш рет Алматыдағы
Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық Жасөспірімдер мен балалар театрынан бастадым. Алғашқы ойнаған спектаклім "Қыз Жібек" болатын. Қойылымда Төлегеннің рөлін сомдадым. Ол кезде II курстың студенті едім.
- Кинодағы бағыңызды ашқан қай рөлiңiз?
- Нұрлан Әлімжан: Мені актер ретінде көпшілікке танытқан "Ағайындылар" фильмі еді. Сосын Елбасының рөлі де шығармашылығымды жандандыра түсті деп есептеймін. "Жаужүрек мың баладағы" Қасым рөлін сомдауым да халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын.
- Әртіс болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?
Таңшолпан Бегалықызы, 11-сынып оқушысы. (ОҚО)
oo Нұрлан Әлімжан: Әртіс болу үшін ең алдымен адамның
бойында дарыны болу керек. Дарын 1 пайызды алса, қалған 99 пайызды талап пен еңбек құрауы тиіс. Еңбексіз еш нәрсе өнбейді. Ізденімпаз бола біліңдер. Өз-өзіңді тәрбиелеп, тынымсыз жұмыс жасауың керек. Ең бастысы, адамгершілік қасиеттеріңді өсіріңдер. Ой-өрістеріңді дамытыңдар. Рухани биіктік бар жерде, өнер өлмейді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
1-тапсырмасы: Сұхбаттағы Кейіпкер талантын, сипатын танытатын негізгі ақпараттарды маңыздылығына қарай ромбыға төменнен жоғарыға қарай орналастырыңыз. (оқушылар дәптерлеріне санамалап жазады, тақтада ромб ілініп тұрады)
Мәтінге тілдік өзгерістер енгізуге болады:
"Алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдау білу. Мысалы: Қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;
Сөздерді синонимдермен алмастыру;
Бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе қ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>