сыныптан кейін Көкшетау қаласындағы 3 М. Ғабдуллин атындағы гуманитарлық мектепте оқып, орта мектепті тәмамдадым. Ғарышкер, ұшқыш болуды армандайтынмын. Өсе келе өнерге бет бұра бастадым.
oo Сізді актер болуға жетелеген не нәрсе, кім себепкер болған еді?
Қалдарбек Кенже, 8-сынып оқушысы. (Қызылорда облысы)
oo Нұрлан Әлімжан: Мені актер болуға жетелеген нәрсе -
арман. Негізгі себепкер болған адам - әкем. Бала күнімнен әр алуан фильмдерді көріп, сондағы кейіпкерлерге қатты қызығатынмын. Ван Дамм, Брюс Ли, Джеки Чан, Митхун Чакраборти сынды актерлар ойнайтын кинофильмдерді сүйсіне тамашалайтынмын. "Мен де солар сияқты актер болсам" деген арман пайда болды. Содан 2001 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының актерлік факультетіне оқуға түстім.
oo Еңбек жолын алғаш қай театрдан бастадыңыз?
Арайлым Рамазан, 11-сынып оқушысы. (Жамбыл облысы)
oo Нұрлан Әлімжан: Еңбек жолымды алғаш рет Алматыдағы
Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық Жасөспірімдер мен балалар театрынан бастадым. Алғашқы ойнаған спектаклім "Қыз Жібек" болатын. Қойылымда Төлегеннің рөлін сомдадым. Ол кезде II курстың студенті едім.
- Кинодағы бағыңызды ашқан қай рөлiңiз?
- Нұрлан Әлімжан: Мені актер ретінде көпшілікке танытқан "Ағайындылар" фильмі еді. Сосын Елбасының рөлі де шығармашылығымды жандандыра түсті деп есептеймін. "Жаужүрек мың баладағы" Қасым рөлін сомдауым да халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын.
- Әртіс болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?
Таңшолпан Бегалықызы, 11-сынып оқушысы. (ОҚО)
oo Нұрлан Әлімжан: Әртіс болу үшін ең алдымен адамның
бойында дарыны болу керек. Дарын 1 пайызды алса, қалған 99 пайызды талап пен еңбек құрауы тиіс. Еңбексіз еш нәрсе өнбейді. Ізденімпа
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>