Таланттармен тілдессек

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

әңгіме деген сөз. Сұхбатта кіммен әңгімелескеніңді, әңгіменің мақсаты қандай екендігі көрсетілуі қажет.
Сұхбаттың өзіне тән ерекшелігі - мұнда фактілердің немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндау журналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Сұхбат дегеніміз - журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылық жұмысы. Оның табысты болуы көп жағынан жүргізушіге, яғни журналиске байланысты. Ол жоғары мәдениетті, редакциялық жұмыстан мол тәжірибесі болуға тиіс. Сұхбат түрлері: 1. хабарлама; 2. сұхбат-диалог; 3. суреттеме-сұхбат;
"Менің мектебімдегі таланттар" тақырыбында сұхбат
Оқылым тапсырмасы.
Нұрлан аға, қандай бала болдыңыз?
Меруерт ҚҰСАЙЫН, оқушы.
oo Нұрлан Әлімжан: Өте салмақты бала болдым.
Кішкентайымнан үлкен ағалардың әңгімесін тыңдап өстім. Қиялшыл едім. Толық бала болған соң, мені бәрі "борсық" деп атайтын. Менің туып-өскен жерім - Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола облысы), Еңбекшілдер ауданы, Кеңащы ауылы. 9-сыныптан кейін Көкшетау қаласындағы 3 М. Ғабдуллин атындағы гуманитарлық мектепте оқып, орта мектепті тәмамдадым. Ғарышкер, ұшқыш болуды армандайтынмын. Өсе келе өнерге бет бұра бастадым.
oo Сізді актер болуға жетелеген не нәрсе, кім себепкер болған еді?
Қалдарбек Кенже, 8-сынып оқушысы. (Қызылорда облысы)
oo Нұрлан Әлімжан: Мені актер болуға жетелеген нәрсе -
арман. Негізгі себепкер болған адам - әкем. Бала күнімнен әр алуан фильмдерді көріп, сондағы кейіпкерлерге қатты қызығатынмын. Ван Дамм, Брюс Ли, Джеки Чан, Митхун Чакраборти сынды актерлар ойнайтын кинофильмдерді сүйсіне тамашалайтынмын. "Мен де солар сияқты актер болсам" деген арман пайда болды. Содан 2001 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының акте

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: