Табысты мектептің бақытты баласы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Табысты мектептің бақытты баласы

Досболова Жулдуз Абуовна
орыс тілі және әдебиеті пәнінің
І санатты, ІІІ деңгейлі мұғалімі
Қармақшы аудандық білім бөлімінің
273 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Елбасының "Мәңгілік ел" болу идеясын жүзеге асыру жолындағы атап көрсеткен алғашқы межелерінің бірі-Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті, дамыған 30 елдің қатарына енуі. Ал, ол асуды бағындыру, әрине, білім арқылы келетіні белгілі. ХХІ ғасыр - білім мен ғылымның ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру - қазіргі өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Осындай игі істердің бірі-Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің басшыларының біліктілігін арттыру курсының бағдарламасын зерделеп, оның мектепті дамытуда тиімділігін түсініп, қолдана білу. Бұл бағдарлама мектеп басшысына, мұғалімдерге оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалай арттыруға, оқуға қабілетін қалай жақсартуға болады деген сұрақтарға нақты жауап бере алады. Білім беру негізін түсінуге, өзінің шығармашылық жұмысын жетілдіріп отыруға, сыни ойлау қабілетінің артуына, ақпараттық - коммуникациялық технологияны тиімді меңгеруге дұрыс әрі төте жол сілтей алады.








Бағдарлама бізге әлемдік білім беру жүйесінде жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелерін жинақтап, саралап қолдануды ұсынып отыр. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мен мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби әлеуеті мен дамуының қатар қалыптасуын қадағалауымыз қажет деп санаймын.
Егемен, Тәуелсіз еліміздің болашағы-жастардың қолында. Әйтсе де оған дұрыс бағыт бағдар берушінің бірі- ата - ана болса, тағы бірі - б

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: