Табиғат және адам

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

старында өндіріледі. Ал геологиялық тұрғыда іздестіру, шығару еліміз бойынша Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда аймақтарында жүзеге асырылуда. Мұнайлы өлке Маңғыстау тұрғындары осы "қара алтынымыздың" арқасында жұмыспен қамтылып, қаншама отбасы әлеуметтік жағдайын түзеді. Аулымыздағы мұнайшы ағалардың айтуынша, өлкеміздің Жетібай, Жаңаөзен, Солтүстік Бозащы түбегіне жататын Қаламқас, Қаражанбас, Ақтаудан 43 шақырым жердегі Доңға, Ақтаудан 360 шақырым қашықтықтағы Қарақұдық, Қарақия ауданына қарасты Оймашы, Алатөбе, Аққар аймақтарынан мұнай шығарылады.
Егер мен мұнайшы болсам, алдымен экологиялық тазалық жағдайына аса назар аударар едім. Мұнай шығаратын кен орындарын жасыл аймаққа айналдыру жолдарын іздестіріп, егер инвесторлар келсе, жасылдандыру шартын талап етер едім. Екінші мәселе, жұмысшылар үшін қауіпсіздік жағына көңіл бөлер едім. Қауіпсіздіктің қатаң бақылауға алынбауы салдарынан қаншама отбасы өздерінің бір мүшесінен айырылып қалып жатыр. Менің жаныма бататыны да осы жағдай. Үшіншіден, мұнай шығарудың жаңа әдіс - тәсілдерін ойластырар едім. Ескі техникаларды жойып, жаңа техникалармен қамтамасыз етер едім. Қауіпсіздік пен тазалық та ескерілер еді. Төртіншіден, мұнай игерудің жаңа технологиясын ойлап шығарар едім. Мұнда өзімізден шыққан өнім шет ел аспай, өз елімізде өңделіп, дайын өнімге айналып, қыруар қаржы үнемделер еді. Бесіншіден, тасымалдаудың да жаңа тәсілін табар едім. Мұнда да тиімділік пен үнемдеуді назарға алмақпын.
Мұнай саласындағы тақырыптар көптен ойымда жүрген болатын. Себебі мен де мұнайшы мамандығының қиындығын сезінемін. Бұл мамандықты еліміздің өркендеуіне бірден - бір септігін тигізетін қажет кәсіпке санаймын.
Әр отбасындағы білімді адам мұнай саласының білікті маманы болуға лайық деп есептеймін.
Мұнай өндіріс

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: