Табиғат және адам

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қ аспан астындағы мұражайда жүргендей сезінеді. Осыншама ескерткіштердің салынуы және бүгінгі күнге дейін сақталуы халық шеберлерінің атадан - балаға жалғасып келе жатқан қасиетті де бірегей өнерінің тамаша туындылары болып табылады.
Бұл жерде басын қар басқан биік таулар ғана жоқ, одан басқа қазақ даласына тән қандай жерлерді көргіңіз келсе, Маңғыстаудан бәрін де кездестіресіз. Тіпті шөлді жердің өзінде кездеспейтін ерекше табиғаттың өзін, салған тау мүсіндерінің сан - алуан түрлерін көріп тамашалауға болады. Маңғыстау жерінің табиғатын көрген, зерттеген адамдар да кейінгілер есте сақтарлықтай көркем теңеулер қалдырған. Мысалы, қазақ халқының ұлы жазушысы Сәбит Мұқанов біздің өлкемізге келген бір сапарында (1963 ж. ) Маңғыстауды аралағанда өзін таңдандырған екі ерекшілікті атап айтқаны бар. Ол бұл дүниеден аттанып - кеткендерге тұрғызылған мазарлар, сұлу сәнді күмбезді ғимараттар болатын. Маңғыстау жерін аспан астындағы мұражай деп бекер айтпаған. Көне замандардан күні бүгінге дейін жер басып жүрген адамдардың тәуеп етіп табына келетін, жанына жәрдем сұрайтын, пендешіліктен қағыс басқан қадамына кешірім сұрайтын жері ол - әулие. Маңғыстау тұла бойы тұнған құпия сыр елі, 362 әулиелі қасиетті мекен.
Маңғыстаудың кең жазығында көптеген сәулеттік-археологиялық ескерткіштер сақталған. Олардың кез келген адам үшін маңызы зор. Ескерткіштердің біріншісіне мемориалдық құрылыстар - құлпытас ескерткіштер, екіншісіне діни құлпытастар - мешіттер жатады. Облыста барлығы 300-ден астам киелі деп саналатын жерлер белгілі.
Маңғыстау жері жұмбаққа толы тарихи өлке. Онда Ұлы Жібек жолының белгісіз сайрап жатқан 16 мыңнан астам тарихи ескерткіштері бар, бұл өлке әулиелер мекендеген киелі жер екендігі белгілі. Атап айтсақ, "Шопан ата", "Масат ата", "

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: