Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
"Қайраттың жазу дәптерінен"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды елді жаудан қорғаған, елі үшін ерлік көрсеткен
азаматтарды құрметтеуге, туған жерін сүюге, Отан үшін отқа түсетін елжанды, ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын ел азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау, талдау-жинақтау, "Жұқа және қалың" сұрақтары, "Топтастыру" әдісі, "РАФТ" әдісі.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі
Көрнекілігі: Автор суреті, желтоқсан құрбандарының суреті, сөзжұмбақ,
карточкалар, слайд, шарлар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
Жақсы оқу - антымыз,
Артымызда қалсын алтын із.
Білімнен бақыт табамыз,
Біз бақытты баламыз!
2. Түстер арқылы топтасады. /Оқушыларға ұнаған ақ, көгілдір, сары түсті көгершіндерді таңдай отырып, сол түстегі шарға топтасып отыру. /
- Балалар, көгершін ненің бейнесі, ненің символы?
- Көгершін бейбітшіліктің, достықтың, адалдықтың символы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- "Ақша қар" өлеңін жатқа айту. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
"Ақша қар" өлеңін оқушылардан жатқа сұраймын.
Сурет бойынша "Қыс
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>