леңін өтеміз.
Тұманбай Молдағалиев - 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу кеңшарында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Көптеген өлеңдері бар. 1956 жылы - Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 2011 жылы 10 қазанда дүниеден өткен.
Кітаппен жұмыс:
"Он алтыншы желтоқсан" өлеңін оқып, түсіндіремін. Оқушыларға өлеңді тізбектей оқытамын.
Балалар, 16 желтоқсан, ерекше күн екен, енді сол күннің тарихына тоқталайық.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Яғни, 1986 жылдың 16-17 желтоқсан күнідері қазақ жастары өз пікірлерін жоғарыда басқарып отырған ағаларға білдіру үшін "Өз елін, өз көсемі (қазағы) басқарсын" деген ұранмен Республика алаңына шеруге шыққан болатын. Бірақ, бейбіт тілекпен шыққан жастарды аяусыз сабаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген. Енді осы желтоқсан оқиғасына қатысқан батыр аға - апаларымызбен танысайық.
Желтоқсан оқиғасы кезінде жазықсыз жала жабылып, осы оқиғаның құрбаны болған аға- апаларымызды есімізде сақтайық: Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Лаззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова. Міне, балалар, біз осындай аға-апаларымыздың арқасында 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел атандық. Биыл тәуелсіздігімізге 24 жыл.
"Қайраттың жазу дәптерінен" мәтінін түсіндіріп, халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстырамын.
Есіңде сақта!
Қайрат Рысқұлбеков - Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ. Ол 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1988 жылдың 21 мамырда дүниеден өткен. 1996 жылы "Халық Қаһарманы" атағы берілген. (Слайд арқылы таныстыру)
Сергіті сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
О
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>