отырмын ғой
Сөздікпен жұмыс
Міндет - күнделікті іс-әрекет арқылы имандылық пен қайырымдылық рәсімдерін орындау.
Парыз - міндетті іске асырудың қалыптасқан жолы.
Борыш - ата-анаға ,үлкен адамға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырымды іс-әрекеттер.
6. Бағалау
Сапабек ата-анасының тілектерін орындай алды деп ойлайсыңдар ма ?
Сендер Сапабектің орнында болсаңдар , не істер едіңдер ?
Авторлық шешіммен келісесіңдер ме ?
Қалай ойлайсыңдар , Ерғабыл қарт неге ренжіді? Оған келінінің қылықтары неліктен ұнамады ?
Қалаға асығыс аттанған Сапабек ата-анасына қандай құрмет көрсетті ?
Қалай ойлайсыңдар ,перзентінің ата-анаға деген махаббаты ақшамен өлшене
ме ?
Автор Сапабектің тоғышар , сезімсіз , қатыгез болып өсуіне кімді кінәлі деп
санайды ?
Ата-ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіңдер ? Шығарма сендерге қандай ой салды ?
2. "Еркін микрофон" стратегиясы
Проблемалық сұрақтар қою:
Қариялар жасы ұлғайғанда қараусыз қалуға тиісті ме?
1. Қарттар үйіндегі қарттар саны неліктен көбеюде?
Күтілетін жауап: Әрбір бала ата-ана алдындағы парызын білуге міндетті. Себебі, біз де болашақ ата-анамыз. Егер біз ата-анаға қиянат жасасақ, алдымыздан сондай нәрсе қайталанып келеді. Ата-ана қартайған шағында қараусыз қалуға тиіс емес. Керісінше, бізді қалай күтіп, баптап, мәпелеп өсірген болса, біз де оларды қартайғанда мәпелеуіміз керек. Қазіргі заманда дұрыс жұмыстың болмауы, балабақшалардың жабылып қалуы - жастардың жаппай қалаға көшуіне себеп болып отыр. Сондықтан да ауылдағы қарттар жалғызсырап қалуда. Ал қала өміріне келсек, адамдардың көбісі бай болсам, байлық тапсам деп ашкөзденіп ата-аналарын ұмытуда. Әке-шешесінің үйін сатып, өзде
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>