рін қарттар үйіне тапсырып жатқандары қаншама. Ата-ене алдындағы парызын өтеуді білмеген шала қазақ келіндердің әрекеттері қарттар үйіндегі қарттардың көбеюіне себеп деп ойлаймыз.
Мұғалім: Қазақстан бойынша 44 мың қарт қарттар үйінінің тұрғыны екен. Жаһандану қазақ қоғамын құрдымға батырып бара жатқандай. Бүгінде көптеген жастар ата-аналарын қарттар үйіне тапсыруды үрдіске айналдырған. Бұл - өте үлкен қасірет. Күнделікті өмірде ата-анасын ренжітіп, оларға қатты сөйлеп, қол көтеріп жататындар да кездеседі. Бұл неліктен? Оған таңданып қарағанша келешекте осынау ақжаулықты аналарымыз бен ардақты әкелеріміздің, аталарымыздың осы жалған дүниенің тозағына түспеуінің қамына кірісуіміз қажет. Шариғат бойынша ата-ананың разылығы - Алланың разылығы. Ал ата-ананың ашуы мен ызасы, яғни қарғысы Жаратқан Алланың қаһарына тең. Ата-ананың сені қарғадым деп айтуы міндет емес. Олардың көңілін қалдырудың өзі - перзенттің қарғысқа ұшырауы деген сөз.
3. 5-КЕЗЕҢ "Алтын қақпа" кезеңі
1 - тапсырма
Егер мен Ерғабыл қарттың немесе Сапабектің орнында болсам. . . (жазбаша)
2 - тапсырма
Жеке оқушылармен жұмыс.
1. Ата-анаға қатысты мақал-мәтелдің жалғасын тап.
3 - тапсырма
Шығармашылық жұмыс
Бүгінгі сабақтан нені үйрендік, не білдік, нені көкейімізге түйдік?
Синквейн құрастыру
Ата-ана, үміт, парыз, борыш, міндет, қарыз, бала
- Сонымен,оқушылар,бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын таныдық. Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық. Қалаға асығатын Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды түсінбейтін,ата-анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.
Оқушылар сұрақтарға жауап
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>