ыс.
Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау
Ерғабыл қарт
Мейірімді, арманшыл, төзімді, қажырлы, еңбекқор,
баласын жақсы көреді, ақылды
Сапабек
Қуыс кеуде, саяз ойлы, мақтаншақ, өркөкірек,
парызын түсінбейді, салт-дәстүрді білмейді, қатігез
-Біздер, кестеден көріп отырғанымыздай 1 топ Ерғабыл қартты-жағымды кейіпкер десе, 2-топ Сапабекті - жағымсыз кейіпкерге теңеп отыр. Осыны дәлелдейік.
1-топ:
Біздер Ерғабыл қартты әңгіменің жағымды кейіпкері деп санаймыз. Себебі, Ерғабыл қарт қазақи ауылдың қарапайым қарты. Еңбекқор, төзімді. Күткен үміті ақталмай қалғанда, жылаған жоқ, ешкімге мұңын да шаққан жоқ. Өзінің күнделікті тіршілігіне араласып кетті, бірақ жүрегі қатып қалған сиқтанды.
2-топ:
Біздер Сапабекті жағымсыз кейіпкер деп санаймыз. Себебі, біздерге ерекше әсер еткен-өзінің үйіне өзі қонақ болып келген Сапабектің бейнесі. Тіпті әйелі де, баласы да өзіне сай сияқты көрінеді. Әйелі орысша тәрбиеленген, ұлы қазақша білмейді. Аз ғана өмірі қалған әке-шешесінің қасында жылына бір келетін еңбек демалысын өткізсе де болатын еді. Бірақ ұлы әкесінің үмітін ақтамады.
Мұғалім:
-Ата-анасына мейірімі жоқ, қадірлемейтін перзентті имансыз деп айтса да артық болмайды. "Ата-аналарыңа мейірімді болыңдар, сонда перзенттеріңнен мейір көресіңдер" деген сөз бар.
Бірде бір жігіт пайғамбарымызға мынадай өтінішпен келіпті:
Әкем қартайғанның салдарынан жайсыз болып кетті. Үйіме келіп, қолына не ілінсе соны алып кете береді, - депті. Мұны естіген пайғамбар баланың әкесін өзінің құзырына шақыртты. Алдына келген қарияның үстіндегі киімі әбден тозған, өзі бейшара халге түскен екен.
- Ұлыңның сөзі рас па? - деп одан сұрайды.
Ол:
- Иә, дұрыс. Мен ұлымды бақтым, қақтым, өсірдім. Азамат болсын д
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>