ың рақымсызы" деген тамаша сөзін сабағымызға арқау етіп аламыз. Сабағымызды шағын топтарға бөліне отыра өткіземіз. Өз білімдерімізді көрсетіп, "Алтын қақпаны" ашып, алтын қазынаға ие болуымыз керек.
Сабақтың ұстанымы: Сабағымыз 4 кезеңнен тұрады. Әр топ әр кезеңнің тапсырмаларынан сүрінбей өтіп, білімдерін көрсете білуі керек
1-кезең "Қайталау-оқу анасы"
1. Білу:
Төлен Әбдіков туралы не білдіңдер?
"Қонақтар " әңгімесінің кейіпкерлері кімдер ?
Ерғабыл қарт туралы айтып беріңдер
Сапабек кім? Ол ауылдастарының алдында өзін қалай ұстады ?
Сапабектің ата-анасына деген қарым-қатынасы суреттелген жерді тауып оқыңдар
Келіні Томаның қылығы: отырысы, шай құюы, киім-киісі туралы не айтар едіңдер?
2. Түсіну:
Әңгіме неліктен " Қонақтар" деп аталған ?
Қонақтар деп отырғаны кімдер ?
Қария не себепті ұлының жолын шыдамсыздана күтті?
Кемпірдің баласының қолына барып тұрғысы келуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
Ерекең баласының қолына баруға неге қарсы?
3. Қолдану
Үзіндіні түсініп оқып , мазмұндау жоспарын құрыңдар . "Ойлаудың алты қалпағы " әдісі арқылы алты топқа бөлініп , өз көзқарастарыңды айтып беріңдер. "Ақ қалпақ " (проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді ) ,
" сары қалпақ " (үзіндінің жағымды тұстарын айтады) ,"қара қалпақ" (шығарманың жағымсыз тұстарын айтады), "көк қалпақ" (талдау жасайды, топтар не үшін ? неге? неге байланысты ? деген сұрақтарға жауап іздейді),
" жасыл қалпақ" (шығармаға қатысты тың идеялар мен болжамдар айтады),
" қызыл қалпақ"( бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды).
4. Талдау
2- КЕЗЕҢ "Тас қақпа"
Тақтамен жұм
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>